Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Прокурорлар Ақтөбеде жезөкшелер мен жеңгетайлар шоғырланған аудандарды картаға түсірді

Прокурорлар Ақтөбеде жезөкшелер мен жеңгетайлар шоғырланған аудандарды картаға түсірді

pravda-tv.ru

Жыл басынан бері Ақтөбе қаласында 50 мыңға жуық ұрлық жасалған. Құқықтық статистика мен арнайы есеп жөніндегі комитеттің мәліметінше, нашақорлар ордасы Малышка ауданында орналасқан.

Жалпы, тәртіп сақшыларына ұрлықпен күресу қиын болып отыр. Бұл жайлы Ішкі Істер министрі Қалмұхамбет Қасымов та өз баяндамасында айтып кеткен болатын. Бұған құқықтық статистика дәлел бола алады.

Жыл басынан бері 400 мыңнан астам халқы бар Ақтөбенің өзінде 50 мыңға тарта ұрлық жасалған. Көлемі жағынан екінші орында алаяқтық тұр. 800-ден астам ақтөбелік алаяқтарға жем болған. Үшінші орында — бұзақылық (400-ден астам дерек).

Нашақорлыққа қатысты қылмыстар саны — 88. Сондай-ақ, қала бойынша 40-қа жуық зорлау деректері тіркелген. 26 қарақшылық пен 20 адам өлтіру деректері де есепте тұр.

Qamqor.gov.kz сайтының картасында қылмыстың қай жерде болғанын да көре аласыз. Жыл басынан бері теміржол вокзалы маңынан жезөкшелікпен айналысуға арналған екі притон анықталды. Жеңгетайлықпен көп жағдайда Есет батыр көшесінің бойында айналысқан.

Самат Бижанов, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *