Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Инвестфорум қонақтарын жасанды жабынды шығаратын зауыт жұмысы қызықтырды

Инвестфорум қонақтарын жасанды жабынды шығаратын зауыт жұмысы қызықтырды

Ақтөбеде өтіп жатқан инвестициялық форумның қатысушылары көлік доңғалақтарынан жасанды жабынды шығаратын зауытқа барды. Зауыт жылына 70 мың шаршы метір жабынды шығара алады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбеде «Aktobe Invest – 2017» форумы өтіп жатыр. Форум қатысушылары өндіріс, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында бірнеше нысандардың аралады. Еліміздің батысы мен оңтүстігінен, шығысы мен солтүстігінен келген кәсіпкерлер мен шетелдік инвесторлар қаладағы зауыттардың жұмысымен танысты.

Оларды көлік доңғалағынан жасанды жабынды шығаратын зауыт жұмысы қызықтырды. Ыстық пен суыққа төзімді жабынды балалардың ойын алаңына, теннис кортына, жүгіру жолына, баспалдақтарға ыңғайлы. Жылына 70 мың шаршы метр жабынды дайындауға мүмкіндігі бар зауыт Өскемен, Алматы, Астана, Петропавл, Орал, Ақтау қаласына тапсырыспен өнімді жеткізіп жатыр. Өндіріс орны жылына 5 мың тонна қалдықты өңдейді.

«Ақтөбе қаласы маңында шашылып жатқан көлік дөңгелектерін жинап, экологиялық ахуалдың жақсаруына септігімізді тигізіп келеміз. Зауыт «Ақтөбе» индустриалдық аймағында орналасқан. Мұнда жол, жарық, су жеткізілген. Теміржол да бар. Коммуналдық төлемдері арзан. Қазір бізде 40 адам жұмыс істейді. Жоба құны — 500 миллион теңге», — деді «TalanTеchnology» ЖШС бас директоры Васильов Лагизов.

Зауыт дөңгелектен қалған резеңкеден жасанды жабынды дайындайды. Металды арнайы орындарға тапсырып, дөңгелек ішінен шыққан жіпті жинап жатыр.

Алдағы уақытта жіптен жүргіншілер жолына арналған тақтайшалар дайындалады. Қалдықсыз өндіріс орны қазіргі күні 17 мың шаршы метір жабынды шығарылып жатыр. Келер жылы өндіріс орны толық қуаттылықта жұмыс істейді.

Форум қатысушылары жасанды жабындының бағасы, жеткізу мүмкіндіктерімен танысты.

Самал Ендібаева

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *