Бастапқы бет / Қазақстан / Қайрат Нұртастың жаңа фильмі «18+» шектеуімен көрсетіледі

Қайрат Нұртастың жаңа фильмі «18+» шектеуімен көрсетіледі

Видеодан алынған кадр

Қайрат Нұртастың жаңа фильмінің көрсетіліміне шектеу қойылды. Енді фильмді тек 18 жастан асқан көрермендер ғана көре алады. Бұл туралы 10 қазанда белгілі болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арман/Когда ангелы спят» картинасының таныстырылымынан кейін онда зорлық пен зұлымдық көріністері бар екені белгілі болды. «Фильмнің дистрибьюторы және фильмге прокат куәлігін берген «Sulpak cinema» ЖШС-тан картинада зорлық пен зұлымдық көріністерінің бар болуына байланысты «Е18» индексін белгілеу туралы қайта өтініш келіп түсті. «Е18″ — 18 жастан асқан көрермендерге арналған фильмдер»,- деп түсіндірді министрлік Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында.

Айта кетейік, фильм прокатқа 12 қазанда шығады. Сондай-ақ, осыған дейін Қайрат Нұртастың фильмнің таныстырылымына әйелімен бірге келгені айтылған болатын.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *