Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Ерке Есмахан: Адамдардың өсек айтып, аяқтан шалатыны шаршатты

Ерке Есмахан: Адамдардың өсек айтып, аяқтан шалатыны шаршатты

Ерке Есмахан  желідегі тыңдармандарына мұңын шақты. Әнші Instagram парақшасында өзге адамдардың көре алмай, аяқтан шалып, сырттан сөйлеуі шаршатқанын жеткізді.

Ерке Есмахан. Фото: Instagram

«Бәріңізге сәлем! Бақытты күндеріңіз қалай өтіп жатыр? Не ғой, осы өмірде бөгде адамдардың тарапынан «әңгіме, өсек, көреалмаушылық, аяқтан шалу, өтірік айту, күйе жағу және екіжүзділік» дегеннің бітетін уақыты бола ма екен?! Әлде, тірі кезде құтылмаймыз ба? «Мінсіз адам» жоқ қой! Бірақ, «жақсы сөз айта алмасаң, жаман сөз айтпай, үндемей-ақ қой», — деген қағида бар! Неге ұмытамыз? Шаршатты!»,- деп жазған Ерке.

Әншінің желідегі тыңдармандары Еркеге жұбату сөздерін жазып, ондай жандарға мән бермеуін сұрады.

«Ерке, шаршамаңыз! Көре алмайтын адамдар айта береді», «Елдің өсегін қайтесіз?! Тек қана алға!», «Сіздің танымалдығыңызды көре алмайтын болар, бәрібір сізді жақсы көреміз!», «Өмір сонысымен қызық қой»,- деп жазды желідегілер.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *