Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысында 23 адамды алдаған «банк менеджерлері» ұсталды

Ақтөбе облысында 23 адамды алдаған «банк менеджерлері» ұсталды

Tengrinews.kz

Хромтау ауданында өздерін банк менеджері деп таныстыратын алаяқ әйелдер көбейген. Полицейлер осындай алаяқтықтың жиілегеніне алаңдаулы.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Хромтау қаласында тұрғындарды алдаған 28 және 32 жастағы «жалған менеджерлер» ұсталды. Өздерін онлайн түрде несие беретін бір серіктестіктің менеджерлері деп таныстырған «алаяқтар» 34 жастағы тұрғынның сеніміне кірген. Олар тұрғынның 94 500 теңгесін қағып алыпты.

Әзірге күдіктілердің осыған ұқсас тағы екі дерекке қатысы бары анықталып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін 27 жастағы екі ақтөбелік келіншек ұсталған еді. Өздерін «банк менеджеріміз» деп таныстырған олар 23 хромтаулықты алдаған. Оларға ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Осыған орай, тәртіп сақшылары алаяқтарға  алданып қалмауды сұрайды. Егер осыған ұқсас жағдайларға тап болсаңыз, полицияның 102 нөміріне дереу қоңырау шалыңыз.

1 пікір

  1. ГҮЛСІМ БАТЫРБЕКОВА

    БҰЛАРДЫ «КІМ КРЫШОВАТЬ» ЕТІП ЖҮР ЕКЕН?БАНКТЫҢ БАСТЫҒЫ МА?ПРОКУРОР МА?

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *