Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Мемлекет басшысы өңірлерге Ақтөбе облысының тәжірибесін қолдануды ұсынды

Мемлекет басшысы өңірлерге Ақтөбе облысының тәжірибесін қолдануды ұсынды

18 тамыз, жұма күні мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу сұрақтары бойынша жиналыс өткізді. Оған Сенат төрағасы, премьер-министр мен оның орынбасарлары, Президент әкімшілігінің басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері және орталық мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев президенттің өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ету бойынша тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.
Сонымен, өңірде экономиканың белсенді өсімі мен әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілген. Осы жылдың жеті айы ішінде экономика өсімі 4 %, инвестицция көлемі — 130 % құрады. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,8% артты, соның ішінде өңделететін өнім – 10,6%. Құрылыс жұмыстары 106,4% артты, 278 мың шаршы метр немесе 112% тұрғын үй пайдалануға берілді.

Кәсіпорындарды жаңғырту аясында облыстың 30 ірі компаниясымен жаңғырту және мамандарды қайта оқыту іс-шараларының жоспарына қол қойылды. Бүгінде 6 млрд теңгеге 10 кәсіпорын жаңғыртылды.
Ауылшаруашылық өсімі 103,7% құрап, қолданыстағы суармалы жерлер алаңы 18%, яғни 18,3 мың гектардан 21,5 мың гектарға дейін, егін алқабы 15%-дан артты. Облыста 170-тен аса ауылшаруашылық кооперативтері жұмыс жасайды, 700 мың жеке қосалқы шаруалар біріктірілді.

Өңірде мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында құны 40 млрд теңге болатын 71 жоба жүзеге асырылуда.

Білім беру саласында 15 мектепке дейінгі мекеме ашылды, жыл соңына дейін кем дегенде тағы 50 балабақшаны тапсыру жоспарда бар, соның нәтижесінде мектепке дейінгі біліммен қамту 95% құрайды. 14 мектепті пайдалануға беру екі апаттық жағдайда тұрған және сегіз үш ауысымдық мектептің мәселесін шешеді.

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 2 мың жұмыс орны құрылды, 16 мектеп салынуда, 10 жылумен және сумен жабдықтау нысандарын қайта қалпына келтіру және салу жұмыстары жүргізілуде. Жылдың қорытындысы бойынша жоспардан 100% немесе 16,1 млрд теңгені игеру жоспарда бар.

Ақтөбе облысы «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асыруда да көш бастап тұр, аталмыш бағдарлама аясында «Нұр Ақтөбе» тұрғын үй алабында тез тұрғызылатын аз қабатты несиелік баспана салынуда. Сонымен, 2017 жылы жалпы аумағы 100 мың шаршы метр болатын 194 аз қабатты және жеке үйлерді пайдалануға беру жоспарланып отыр, бұл мың жанұяны баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау саласында «AktobeMedicalCentre» жанынан медициналық кластер құрылып, орталықтарында 15 мың ота жасалды, оның 400-ден астамы – жоғары технологиялық.

Осы жылы барлығы 9,8 мың жұмыс орны құрылды, бұл жұмыссыздықты 4,8% деңгейінде ұстап тұруға мүмкіндік берді.
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың баяндамасын талқылау кезінде мемлекет басшысы жиналыста отырған облыс басшыларына өңірдің бірқатар әлеуметтік және экономикалық жобаларын жүзеге асырудағы тәжірибелерін қабылдауды ұсынды.

ҚР президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Марат Тәжин өңірдің «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асырудағы оң тәжірибесін атап өтті.

— Ақтөбеде әлеуметтік меценаттық дамыған және ең алғаш рет өңірден шыққан бизнестің Канададан Аустралияға дейінгі толық тізімі жасалды. Электрондық тізім құрылып, олармен тікелей байланысқа шықты және әлеуметтік саланың мақсатты нысандары тікелей қаржыландырылды. Бұл – үлкен іс»,-деп атап өтті Марат Тәжин.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *