Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / «Халықаралық Полиция Қауымдастығы» бірлестігі Ақтөбе облыстық ІІД ардагерлерімен жұмыс істемек

«Халықаралық Полиция Қауымдастығы» бірлестігі Ақтөбе облыстық ІІД ардагерлерімен жұмыс істемек

«Халықаралық полиция қауымдастығы» республикалық бірлестігінің Ақтөбе филиалы 2015 жылдан бастап ресми жұмыс істей бастады. Қазір тәртіп сақшыларының беделін көтеріп, халықпен тығыз байланыс орнатуға өзара ықпал етуді көздеп отыр.

«Халықаралық полиция қауымдастығы» бүкіл әлем бойынша түрлі форумдар мен сайыстар өткізіп, әлемдегі тәртіп сақшыларының өзара ынтымақта жұмыс істеуіне оң ықпал етеді.

Қордың Ақтөбедегі филиалының директоры Жолдыбай Жақсылықовтың айтуынша, қауымдастыққа кемінде 15 жыл ішкі істер органы саласында еңбек еткен, жұмыста өзін іскер, әрі кәсіби, адал маман ретінде көрсеткен кез-келген тәртіп сақшысы мүше бола алады.

«Халықаралық полиция қауымдастығы» 1950 жылы 1 қаңтарда Ұлыбританияда пайда болды. Сол жылдың мамыр айында оның төлтаңбасы мен ұраны бекітілді.

IPA (International Administration Centre) әкімшілігі Ұлыбританияның Ноттингем қаласында орналасқан. Қазіргі таңда қауымдастыққа 400-ден астам жұмыс жасап жүрген тәртіп сақшылары мен 67 елдің зейнеткер полицейлері мүше.

2012 жылдың 20 маусымда Астана қаласында қауымдастықтың қазақстандық құрылымының құрылтай конференциясы болды. Оған (МПА – IPA) Michael Odysseos (Кипр) халықаралық бас хатшысы, МПА Georgios Katsaraopoulos (Грекия) және Ресейлік қауымдастықтың төрағасы Алексей Ганькин (Ресей) елдерінен өкілдер қатысты.

Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің ардагерлер кеңесімен жүйелі жұмыс жасап, өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатында бірлескен бастамалар қолға алынбақшы.

«Алдағы мақсат — достық көпірін ұлғайту, жәбірленушілердің заң аясында құқығын қорғауға іс жүзінде көмек көрсету. Із-түссіз жоғалып кеткен адамдарды іздеп табуға көмектесу, қызмет бабында қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасына қолдау таныту, іздеуде жүрген қылмыскерді табуға халықаралық деңгейде ықпал ету», — дейді Ақтөбе филиалының төрағасы.

«Біз бұл халықаралық ұйым өкілдермен іскерлік байланыс орнатып, әсіресе халық пен полиция арасында дәнекер болуға өзіміз де ынталымыз. Әрине, халықаралық қауымдастықтың ақтөбелік ардагерлер ұйымына да септігі бар», — дейді Ақтөбе облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғалым Даулеталин.

«Жастар арасындағы тәрбие жұмыстарын нығайтуға,тәлімгерлік жұмыстарын дамытуға қауымдастық тарпынан да бар мүмкіндіктерді пайдалануға ұмтыламыз», — дейді ардагерлер.

Қауымдастықтың мекенжайлары: Астана қаласында Ғ.Мүсірепов көшесі, 10/2.

Ақтөбе қаласында ағайынды Жұбановтар көшесі, 308.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *