Бастапқы бет / Әлем / Алматылықтар Қытайда болған жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар Қытайда болған жер сілкінісін сезінді

Алматылықтар көршілес жатқан Қытайдағы жер сілкінісін сезінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Жер сілкінісі Астана уақыты бойынша 5:27-те тіркелді. Зілзаланың ошағы Алматыдан 490 км жерде, ШҰАӨ аумағында болған. Еуропа сейсмологиялық орталығының деректері бойынша, зілзала қуаты 6,4 балды құрады.


Еске сала кетейік, Сычуань провинциясында жергілікті уақыт бойынша 21.19-да 6,5 балдық жер сілкінісі тіркелген. Табиғи апаттан шамамен 2 мың адам бар қонақ үй ішінара бұзылғандығын хабарлаған болатынбыз.


Алдын ала мәліметтер бойынша, Қытайдағы жер сілкінісінен зардап шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *