бейсенбі , 17 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбелік тұрғын сотта еңбекақысын төлемеген мекемеден жалақысын үш есе өндіріп алды

Ақтөбелік тұрғын сотта еңбекақысын төлемеген мекемеден жалақысын үш есе өндіріп алды

tsn24.ru

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотына жұмыс жасаған мекемесінен тиісті еңбекақыға төленуге тиіс жалақысын ала алмай жүрген талапкерден арыз түсті. Сотқа түскен әкімшілік істе заңбұзушылық анықталған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жеке серіктестік Еңбек Кодексінің 23-бап 2-бөлім 5-тармақ және 113-бап, 1,3 тармақта көрсетілген талаптарды бұзған. Мекеме жұмысшы Д. есімді талапкердің 2017 жылдың наурызынан бастап, сәуіріне дейінгі  еңбекақысын уақытылы төлемеген. Мекеменің  жұмысшы алдында 59 459 теңге қарызы бар. Сот қаулысымен жеке серіктестікке 60 айлық есептік көрсеткіш,  яғни 136 140 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік жазасы тағайындалды», — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *