дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбедегі Әдеп кеңесінің мүшелері мешіттерде жиналатын садақаның есебін сұрады

Ақтөбедегі Әдеп кеңесінің мүшелері мешіттерде жиналатын садақаның есебін сұрады

ullica.ru

Ақтөбе облысында Әдеп кеңесінің мүшелері мешіттерге түсетін садақаны есептеуге қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қазір мешіттердегі жәшіктерге адам басына 300 теңге пітір садақа салынады. Осыған байланысты ол ақша қайда жұмсалып жатыр? Басқарма тарапынан оған қадағалау бар ма? Ол ақшаның қайда жұмсалып жатқандығы жөнінде есеп бола ма?», — деді Әдеп кеңесінің мүшесі.

Мемлекеттік қызметкер саналатын дін істерін басқармасының басшысы садақаның ақшасын санай алмайтынын айтты.

«Бұл жерде бір нәрсені айтып кетуіміз керек. Біз діни басқармаға қарайтын мешіттердің ісіне араласуға құқымыз жоқ. Діни басқарма тарапынан жылына екі-үш мәрте тексеру жүргіземіз. Сол кезде қаржының қайда жұмсалғаны анықталады. Әр мешітте апта сайын түскен қаржы есептеліп, кіріс-шығыс құжатталып отырады», — деді Жолдас Қалмағанбетов.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *