бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / Жезқазған түбіне зымыран сынығы құлауынан бір адам қаза тапты

Жезқазған түбіне зымыран сынығы құлауынан бір адам қаза тапты

Жезқазған түбінде құлаған зымыран тасығыштың сынықтарын жинап жүрген, 1964 жылы туған жұмысшы денесін күйік шалып қаза тапты деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Жезқазған қаласының маңына қонған «Союз МС-01» зымыран тасығышының капсуласы

Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың Азаттыққа айтуынша, 1968 жылы туған тағы бір азамат ауруханаға түскен.

Ресми мәлімет бойынша, зымыран тасығыштың сынығы 14 маусым күні кешке Жезқазған түбіндегі Талап ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 километр қашықтыққа түскен. Комитет зымыран сынығы Байқоңырдан «Прогресс МС-06» жүк кемесін алып ұшқан «Союз-2.1а» зымыран тасығышынан ажырап, жоспарлы жерге түскенін айтады. Зымыран сынығы түскен жерде қурай өртенген.

Руслан Иманқұлов бұған дейін жергілікті БАҚ-қа құлаған зымыран бөлшегінде улы гептил отыны жоғын айтқан.

Өрт 15 маусым күні түгі сағат 3 жарымда сөндірілген.

Azattyq.org

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *