дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Сапарбаевтың сынынан кейін ірі компаниялар су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын соза бастады

Сапарбаевтың сынынан кейін ірі компаниялар су тасқынынан зардап шеккендерге қол ұшын соза бастады

Облыс басшысы Бердібек Сапарбаев «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясының 56 миллион теңге аударғанын, Тараз мемлекеттік университеті тарапынан елеулі көмек көрсетілгенін жеткізді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Өкінішке қарай, біздің Ақтөбе өңірінде жұмыс істеп жатырған компаниялар әзірге мұндай жанашырлық танытып отырған жоқ. Біз бүгін сіздерді әкімдік жүргізіп отырған жұмыстармен таныстыру, сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсетуге ынтымақтастығымызды күшейту үшін шақырдық. Басты міндет – жылыту маусымы басталғанға дейін тұрғын үйлері жарамсыз болып қалғандарды баспанамен қамтамасыз ету», — деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев.

Өз кезегінде кәсіпкерлер облыс әкімінің бастамасын қолдайтындықтарын білдірді.

Мәселен, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньжэнь 45 миллион теңге аударатынын хабарлады. «КМК Мұнай» АҚ өкілдері 5 млн., «Казахойл Актобе» ЖШС 3 млн. теңгеге қосымша осы аптаның аяғына дейін 1 млн. теңге бөледі және қаржы жинауды жалғастыра береді, АТФ «Алтиес Петролеум Интернэшнл Б.В.» және «Фирма Ада Ойл» ЖШС қайырымдылық қорына 3 млн. теңге аударатын болды.

«Стройдеталь» ЖШС өкілі үйі суға кеткен өз қызметкері үшін тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарын алға тартты. Өңір басшысы бизнесмендер аузынан шыққан уәделердің орындалуын бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазіргі уақытта Ақтөбеде көктемгі су тасқыны кезінде үйлері бүлінген 90 отбасы әкімдік бөлген жер учаскелерінде баспаналарын тұрғызып жатыр.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *