бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / ЭКСПО көрмесі аясында 26-30 маусымда Астанада Ақтөбе күндері өтеді

ЭКСПО көрмесі аясында 26-30 маусымда Астанада Ақтөбе күндері өтеді

Бұл туралы «Ақтөбе ақпарат» орталығында өткен баспасөз мəслихатында Ақтөбе облысының сыртқы байланыстар жəне туризм басқармасы басшысы Ермек Кенжеханұлы мəлімдеді.

Көрмеге Ақтөбе облысынан «Izet greenhouse» жылыжай кешені, «Талан технолоджи» ЖШС-нің тозған шиналарды кəдеге жарату жəне еден жабындысын шығару жобасы, «Союз гранд» ЖШС қоқыс сұрыптау кешені, қуаттылығы 100 МВт болатын «Кемпірсай» жел электрлі бекетінің өнімдері қойылады. Сонымен бірге, «Kempirsay energy» ЖШС, «Юнайтед энерджи Актобе» ЖШС-нің жел генераторларын шығаратын зауыты, «АРБЗ» ЖШС ағынсыз өнеркəсіп өндірісінің технологиясы да келушілердің назарына ұсынылады.

Ақтөбе облысының күндері аясында «Ақтөбе — құтты мекен» атты гала концерті өтеді.

Ілияс Нұрғали, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *