бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / Жұбанов университетінің бұрынғы ректоры Ғалымжан Нұрышевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Жұбанов университетінің бұрынғы ректоры Ғалымжан Нұрышевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің бұрынғы ректоры, жоғары білім беру саласының дамуына зор үлесін қосқан Нұрышев Ғалымжан Жұмабайұлының 1995-2004 жылдары Атырауда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнату рәсімі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараға ғалымның туған-туыстары, қызметтестері, дос-жарандары мен облыс жұртшылығы қатысты.

Тақтаның ашылу рәсімінде сөйлеген облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Ғалымжан Нұрышевтың кәсіби біліктілігі мен адами қасиеттерін тілге тиек етіп, оның өмір жолынан кейінгілерді үлгі алуға шақырды.

Жиында сонымен қатар Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің ректоры Абзал Ахатұлы Талтенов, Атырау облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Әнес Бисенұлы, ақын-жазушы Жүсіп Қадір сөйлеп, жиылғандарды естелік тақтаның ашылуымен құттықтады.

Бұдан соң Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде профессор Нұрышев Ғалымжан Жұмабайұлын еске алуға арналған «Жақсының жарығы өшпейді» атты дөңгелек үстел өтті.

Нұрғали Ілияс, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *