дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ішкі істер департаменті Шалқардағы «той кортежіне» қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер департаменті Шалқардағы «той кортежіне» қатысты түсініктеме берді

скриншот: Inform.kz
Тәртіп сақшыларының Шалқардағы кортеждің қасында не себепті жүргені белгілі болды. Олар мектеп бітірушілерін қаланың көрікті орындарына апарған болып шықты. Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде Шалқарда тәртіп сақшыларының той кортежімен бірге жүргені жайлы жазылған болатын.

«Жас түлік-2017» фестивалінің сценарийі бойынша ата-аналардың өтінішімен «Алтын белгі» иегерлеріне құрмет көрсету мақсатында кәсіпкерлердің жеке автокөліктерін алып, Шалқар қаласының көрікті жерлерін аралатып, фотосессия жасалды. Мектеп түлектерінің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы қызметтік көлікпен бастап жүру жөнінде аудан әкімі мен аудандық ішкі істер бөліміне хат жолданып, қолдау тапты», — деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Амангелді Қонақбаев.

Облыстық тәртіп сақшылары да ол маңда те кқызмет бабымен болғанын, түлектердің қауіпсіздігі мақсатында жүргенін хабарлады.

«Барлығы алты көлік Шалқар ауданының Есет Көкіұлы көшесінен Ұ.Бақтыбай көшесіне дейін, одан әрі Шалқар аудандық әкімдігі ғимаратынан М.Шыманұлының ескерткішіне дейін, Айшуақ көшесінен №8 орта мектепке барған», — деді облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *