бейсенбі , 24 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысында қайырымдылық жасаудан ақша аямайтын депутаттар кімдер?

Ақтөбе облысында қайырымдылық жасаудан ақша аямайтын депутаттар кімдер?

Aktobenews сайты «Үздіктер» жобасын жалғастырады.  Ел ықыласына бөленіп жүрген депутаттарға тоқтап өтсек. Бұл салада қайырымдылық шараларын жасаудан алдына жан салмайтын, мұқтаж жандар үшін ақшасын аямайтындар бар ма? Aktobenews.kz нұсқасына бойынша, қайырымдылық жасаудан  байлығын аямайтын депутаттар тізімі төмендегідей жасалынды. Ал сіз кімдерді атар едіңіз?

 

Салфиков Марат Талғатұлы

Марат Талғатұлы ардагерлер мен балаларға арналған қайырымдылық шараларын жиі өткізумен көзге түседі. Барлық мерекелерде ардагерлерге арнап дастархан жасап, құрмет көрсетуден ешқашан тыс қалған емес. Үлкенге құрмет, кішіге ізет жасап жүрген депутаттардың бірі.

Талғат Салфиков — «АНВАР» ЖШС-нің бас директоры, бес жылдан бері Ойыл сайлау округінің депутаты. 2004 жылы Ақтөбе облысының «Жыл адамы», 2001 жылы Женева қаласында «Сапа алтын жұлдызы» халықаралық сыйлығын алып, 2003 жылы Нью Йоркте платина категориясындағы «Сапа жұлдызы» иегері атанған.

 

Ни Аркадий Юрьевич

Аркадий Ни ҰОС ардагерлеріне тұрақты түрде қолдау көрсетіп отыратын депутат. Аркадий Юрьевич өзінің сайлау учаскесіне қарайтын халыққа да жиі көмек көрсетеді. Әрдайым мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді өз міндеті санайды.

Аркадий Ни — «РОКОС» КТ бас директоры. Ақтөбе облыстық мәслихатының 5-6 шақырылымда да депутаттық қызметте қалды. «Қазақстан Теннис Федерациясының» АҚБ Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры.

 

Ержанов Бахытжан Ұлжабайұлы

Депутат су тасқыны кезінде баспанасыз қалған мүгедек отбасыға екі бөлмелі үй алып беріп, ел ықыласына бөленді. Бақытжан Ұлжабайұлы  100-ге жуық оқушы мен мұғалімге ЭКСПО көрмесіне билет алып, жол және ол жақта демалу шығынын көтерген болатын. Депутат туған жерге тағзым акциясына да жиі қатысады.

Ержан Бақытжанов — «КазПромСтройГрупп» ЖШС директоры, «Кикбоксинг» федерациясының президенті. 2015 жылы «Құрмет» орденімен наградталған. Хромтау, Ырғыз , Шалқар, Темір  аудандарының «Жыл адамы» атанған.

 

Сағналин Нұрлан Шымбайұлы

Депутат қайырымдылық шараларын жиі өткізуімен ерекшеленеді. Жетім балалар мен балалары тастап кеткен қарияларға түскі ас беріп, әртүрлі акциялардың басында жүреді. Нұрлан Шымбайұлы балалардан ақшасын аяған емес.

Нұрлан Сағналиннің мамандығы экономист. 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы саласын дамытуға ат салысып жүр. Облыс тұрғындарының алдында зор абырой, беделге ие.
Вишняк Сергей Викторович

Депутат үнемі мүгедектерге қатысты акцияларға қол ұшын созудан тыс қалған емес. «Мектепке жол» акцияларына белсене қатысып, аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім балаларға қолдау көрсетеді.

Сергей Вишняк — №6 Жанұзақов сайлау округінің депутаты, «ДИНАР-ЭЛЕКТРОМАШ» ЖШС-нің іс басқарушысы («Энергия» фирмасы).

Aktobenews.kz

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *