жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбелік тәртіп сақшылары ерікті халық жасақтары жұмысының жанданғанын хабарлады

Ақтөбелік тәртіп сақшылары ерікті халық жасақтары жұмысының жанданғанын хабарлады

Қалалық жергілікті полициясы қызметінің ұйымдастыруымен Ақтөбеде «Балалар қауіпсіздігі» шарасы қолға алынды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Оған тәртіп сақшыларымен қоса мектеп мұғалімдері, күзет қызметкерлері қатысты.

«Мұндай шаралар енді әр аптаның жұма, сенбі, жексенбі күндері каникул аяқталғанша ұдайы жүргізіліп тұратын болады. Шараға Ақтөбе қалалық білім бөлімінен 50 мұғалім, 7 күзет қызметкері мен 60-қа жуық тәртіп сақшылары жұмылдырылмақ. Олар кешкі сағат 18-ден  21-ге дейінгі аралықта қала көшелерін аралап, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге ықпал етпек. Ерікті жасақтар полициямен бірлесіп алдағы уақытта бұзақылық, ұрлық, балалардың қаңғыбастығы сынды мәселелермен күресетін болады», — деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *