Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Сапарбаевтың сынынан кейін екі жыл дегенде Ырғызда коммерциялық банк филиалы ашылды

Сапарбаевтың сынынан кейін екі жыл дегенде Ырғызда коммерциялық банк филиалы ашылды

Ырғызда Халық банкінің филиалы ашылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Жергілікті халық «ақ түйенің қарны жарылған» ерекше күн болды деп қуанып жатыр.

Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, Ырғызда осыдан 20 жыл бұрын банк бөлімшесі жабылып, 2001 жылдан бері оның қызметтері пошта байланыс торабына жүктелген еді.

«Бұрын ырғыздықтар банк қызметін қолдану үшін Ақтөбе қаласына баратын болса, енді аудан орталығында отырып-ақ сапалы, жоғары деңгейдегі банк қызметіне қол жеткізе алады. Кәсіпкерліктің дамуына, халықтың әл-ауқатының артуына жаңа банк бөлімшесінің тигізер көмегі көп болмақ», — деп хабарлайды аудандық әкімдіктен.

Айта кетейік, осыдан екі жылға жуық уақыт бұрын банкирлермен кездескенде облыс басшысы бірқатар аудан орталықтарында банктің жоқтығын сынға алған болатын.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *