сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялады

Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялады

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ашық деп жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі қауым! Осымен ЭКСПО-2017 көрмесін ашық деп жариялаймын. Әлем  жұртшылығы мен барлық  отандастарымды көрмені  тамашалауға шақырамын. Ұлы даланың төріне қош келдіңіздер!» — деді Елбасы.

Айта кетерлігі, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты ашылу рәсіміне 17 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысты. Олардың арасында Чехия Республикасының Президенті Милош Земан,Люксембург Ұлы Герцогтігінің Премьер-Министрі Ксавье Беттель, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Армения Президенті Серж Саргсян, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев,  Сербия Президенті Александр Вучич, Үндістан Премьер-Министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұxамедов, Пәкістан Премьер-Министрі Наваз Шариф, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Испания королі Филипп VI, сондай-ақ Ресей Президенті Владимир Путин бар.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *