Бастапқы бет / Әлем / Лондон полициясы терактіге қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды

Лондон полициясы терактіге қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды

Полиция Лондонның шығыс бөлігінде ел астанасында теракт ұйымдастыруға қатысы бар 18-ші күдіктіні қамауға алды — ол 29 жастағы ер адам. Оның пәтерінде тінту жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлайды Daily Mail.
BBC мәліметінше, қазіргі уақытта қамауға алынғандар саны — бесеу, қалғандарының барлығын полиция айып тақпастан босатып жіберген.
The Sun мәліметінше, микроавтобус бір топ адамды қаққан. Кейін көліктен 30 сантиметрден асатын пышақ ұстаған үш адам көшедегілерге шабуылдаған. Салдарынан кем дегенде 7 адамның қаза тауып, тағы 48-і жарақат алды.
Кейін Лондонның полиция басқармасы Лондон көпірінің маңындағы Боро базарында адамдарға пышақпен шабуыл жасалғанын растады. Скотланд-Ярд та Воксхолл ауданында үшінші оқиғаның болғанын хабарлады. Оқиға орнына жеткен полицейлер шабуылдаушылардың көзін жойды. Полиция жексенбі күні күндізгі уақытта осы іске қатысы бар 12 адамды ұстады.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *