Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жол жөнделе бастады

Ақтөбе мен Шұбарқұдық арасындағы жол жөнделе бастады

Ақтөбеден Болгарка арқылы Шұбарқұдыққа апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолдары жөнделе бастады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Жолдың жалпы ұзындығы 190 шақырым. Оның бестен бір бөлігіне асфальтбетон төселген. Осыншама бөлігінде топырақ-тас араласқан. 103 шақырымы қиыршық тастан тұрады. Жолдың салынғанына 40-50 жыл болып қалса керек.

Аталған жолмен Бердібек Сапарбаев алғаш рет жүріп өтті. Облыс басшысы Темір ауданына жұмыс бабымен барарда арнайы осы жолды таңдаса керек.

Бүгінде аталған жол аралығында жөндеу жұмыстары қолға алына бастады. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы құны шамамен 1,5 миллиард теңгеге жуық. Биыл 500 миллион теңгесі бөлінеді деп жоспарланған. Алдағы жылы да 0,5 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Мердігерлік жұмыстарды «АССАНА-ДорСтрой» ЖШС атқарады.

Сонымен бірге, Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық автомобиль жолының бойындағы 9 су өткізу құбыры күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Оған облыстық бюджеттен 35,4 млн теңге қарастырылды. Мердігерлік жұмыстарды «Ақпан 2030» осы жылдың соңына дейін аяқтағалы отыр.

Бүгінде Сарықобда ауылына жақын маңдағы көпір апатты жағдайда, жарақсыз болып тұр. 6 блогі опырылып түскен көпір қауір төндіреді. Бүгінде құжаттар әзірленуде. Егер мемлекеттік сараптамадан өтсе, көпірге күнделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *