жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Қазақстан / Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде аударымдар мен жарналарды қабылдау үшін ағымдағы шот ашылды

Осы жылдың 1 шілдесінен бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру жүйесі енгізіледі. Барлық жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, адвокаттар мен жеке нотариустер өздері үшін және өз қызметкерлері үшін аударымдар мен жарналарды  Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері  базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру қорына аударатын операторы болып белгіленді.

Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін, төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем тапсырмаларын қалыптастыруға көмектесін «Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу» автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnye-produkty сілтемесі бойынша өтіп, тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастапміндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды келесі деректемелер бойыншатұрақты түрде аударулары тиіс ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар:  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік

корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК: GCVPKZ2A

ЖСК: KZ92009MEDS368609103

БСН: 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аудару  кезінде төлемдерді тағайындаудың келесі кодтарын (ТТК) пайдалану қарастырылған:

121- Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға аударымдар;

122-Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыруға жарналар;

123 — Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124- Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақытылы аударылмағаны үшін өсімақы.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *