дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Биыл Ақтөбеде 1278 пәтер пайдалануға беріледі

Биыл Ақтөбеде 1278 пәтер пайдалануға беріледі

Бұл туралы қала әкімі Ілияс Испанов өз есебінде хабарлады.  Әкім «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша түсіндіріп өтіп, тағы да бірнеше баспананың халық игілігіне берілетінін айтты.

«Өткен жылы «Нұр-Ақтөбе» шағын ауданында жалпы алаңы 76 мың шаршы метр құрайтын немесе 1 278 пәтерден тұратын 6 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бұл үйлер осы жылы пайдалануға берілетін болады. Сондай-ақ осы ауданда жалпы алаңы 65,5 мың шаршы метр, 1 120 пәтерлік 6 тұрғын үй құрылысы үшін 3,8 млрд теңге бөлінді. Бұл үйлер 2018 жылы пайдалануға берілед», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Қазіргі күні 2006 жылы жер кезегіне тұрғандардың 280-і «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша тұрғын үй алуға өтініш беріп үлгерген. Ақтөбеде жер кезегінде 111 570 адам тұр.

«Нұрлы жер» жаңа бағдарламасының пилоттық жобасы аясында 60 аз қабатты тұрғын үй салынатын болады, бұл дегеніңіз 2 529 пәтер. Алғашқы 20 үйді 2017 жылдың тамыз-қыркүйек айларында тапсыруды көздеп отырмыз. Құрылыстың екінші кезеңі барысында бұдан басқа тағы да 194 аз қабатты тұрғын үй құрылысын жүргізу жоспарлануда», — деді Испанов.

Қаладағы жаңа құрылыстар басына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарды жүргізу басталып кеткен.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *