дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ілияс Испанов: Алаш азаматтарының барлығына көше атауы беріледі

Ілияс Испанов: Алаш азаматтарының барлығына көше атауы беріледі

Бүгін «Ақтөбе ақпарат» орталығында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы мен мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына  қатысты есеп берген қала әкімі Ілияс Испановқа  журналистер сұрақтарын жаудырды.

Алғашқы сұрақтардың бірі ретінде қаладағы көп қабатты үйлердің біріне суреті ілініп, кейін өшірілген Мұстафа Шоқай портретіне қатысты болды.

«Мұстафа Шоқай- алаштың белгілі азаматы. Өткен жылы ел тəуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты көшелерге ат берілді. Сол үлкен көшеге Мұстафа Шоқайдың аты берілді. Мұстафа Шоқайдың суретінің ілінгенін біз білеміз, салынғанын көрдік. Суретті салудың тəртібі бар. Келісімін алып салу керек. Салынған сурет жаңбырдан кейін зақымданған. Суретке қосымша құжаттар дайындауға да дайын едік. Сәулетшілердің қорытындысында ол суреттің талапқа сай келмейтіні анықталды. Біз бұл суреттің не үшін алынғаны туралы жауап бердік. Бірақ, кей адамдар  әр нәрседен ілік іздейді. Біз ол кісілерге ешқашан қарсы болған емеспіз, қарсы болмаймыз да», — деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Сонымен қатар, қала әкім қала көшелеріне алаш азаматтарының барлығына ат берілетіндегін атады.

«Алаш азаматтарының аты барлық көшеге беріледі. Біреуіне де берілмей қалмайды. Желтоқсан айында 20 тұлғаға берілді», — деді қала әкімі.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *