сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбеден Түркістанға қарай қосымша жолаушылар вагондары жолға шығуы мүмкін

Ақтөбеден Түркістанға қарай қосымша жолаушылар вагондары жолға шығуы мүмкін

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев ақтөбеліктердің жан-жақпен байланысын жеңілдетпек. Алдағы уақытта қосымша вагондар арқылы Ақтөбе қаласынан Түркістанға тікелей баруға жағдай жасалады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Қазір бір-екі вагонды Түркістанға жіберу жағын қарап жатырмыз. Біз білеміз, Ақтөбенің көп адамдары сауда үшін Түркістанға қатынайды. Заттың ең арзаны Түркістанда. Біз қазір осыны ойластырып жатырмыз», — деді Бердібек Сапарбаев.

Облыс әкімінің бастамасымен бірқатар аудандар мен ауылдар арасында байланыс орнады. Қазіргі кезде өңір басшысы облыстар арасындағы байланыстарға да көңіл аударып жүр.

Ардан Сердалы, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *