жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Бердібек Сапарбаев Ырғыз ауданының Қызылорда облысымен шекаралас суларын шаруашылыққа жаратпақ ниетте

Бердібек Сапарбаев Ырғыз ауданының Қызылорда облысымен шекаралас суларын шаруашылыққа жаратпақ ниетте

Ақтөбе облысының басшысы демалыс күндері Ырғыз ауданының Қызылорда облысымен шектесетін бөгеттерін тікұшақпен аралап қайтты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бердібек Сапарбаев мұндағы пайдаланусыз жатқан суларды егістікке, мал шаруашылығына жарату керектігін айтты.

Облыс басшысы шалғайда қалған Қыл және Қожа бөгеттеріне барды. Бөгет деген аты болмаса, ол жерде жиналған мол су қоры байқалмайды. Сапарбаевтың айтуынша, ауданда бөгет тұрғызылып, өзен-көлі көп Ырғыз суларын бір арнаға тоғыстырып, шаруашылыққа жарату керек.

 

«Аудандағы бөгеттерге келген себебіміз, суларды көргіміз келген. Мүмкіндігінше, Ырғыз бен Торғай суларын пайдалануымыз керек. Мемлекет басшының тапсырмасын білесіздер, Қазақстандағы өзен-суларды тиімді пайдалану керек. Біз де кішігірім су қоймаларын тұрғызсақ жақсы болар еді. Әрине, алдымен, су мамандарының пікірін де ескеру керек. Олармен міндетті түрде ақылдасамыз. Егер, ол бөгеттердің тиімділігі бар, салу керек деген шешімге келсек, үкіметке ұсыныс айтамыз. Одан кейін осы жергілікті халыққа да байланысты. Жұмыс істеу керек, мал өсіріп, егін егу керек», — деді облыс басшысы Ырғыз ауданының тұрғындарымен болған кездесуінде.

Марат Төлепберген, Aktobenews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *