сенбі , 24 маусым 2017
Бастапқы бет / Әлем / Ғалымдар 150 жылда алғаш рет көзі жоқ жұмбақ балықты тапты (Видео)

Ғалымдар 150 жылда алғаш рет көзі жоқ жұмбақ балықты тапты (Видео)

Биологтардың халықаралық командасы Аустралия жағалауында өліп қалды деп саналған көзі жоқ балықты тапты, — деп жазады New Atlas. Теңіз балығының көзі жоқ, ал аузы денесінің төменгі жағында орналасқан.
New Atlas
Сирек кездесетін балық Джервис шығанағында тереңдігі төрт шақырым жерден табылған. Айта кетейік, осындай ерекше балық cоңғы рет 1873 жылы табылған екен. Мамандар бұл жануардың нақты қандай балық түріне жататынын айта алмай отыр, себебі бұл балық әлі зерттелген жоқ. Бірақ кейбір биологтар балықтың бұл түрі өте қараңғы жерде өмір сүргендіктен көзі жоқ екенін айтып отыр.

tengrinews.kz

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *