Бастапқы бет / Әлем / АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

АҚШ ғарыш зымырандарын ұшыратын әлемдегі ең ірі ұшақ жасап шығарды

АҚШ-та қос қанатының ұзындығы 117 метр болатын Stratolaunch ұшағы көпшілікке таныстырылды, — деп хабарлайды The Washington Post.

«2017 жылдың 31 мамыры, сәрсенбіде Калифорния штатындағы Мохаве шөліндегі ангардан Stratolaunch ұшағы алғаш рет шығарылды. Ол 9,1 мың метрден ғарыш тасығыш зымырандарын ұшыруға арналған», — делінген хабарламада.

Ұшақтың 28 дөңгелегі мен алты реактив қозғалтқышы бар. Ұшақтың өз салмағы 250 тонна, ал жүк тиелгенде 590 тонна болады.
Бастапқыда бұл ұшақ бір ғана зымыран таситын болады, ал кейін келе зымырандар саны үшке дейін жетеді. Зымырандарды осындай амалмен ұшыру арзанға түседі екен. Әзірше алғашқы ұшыру 2019 жылға белгіленген.
Ұшақ жолаушылар тасымалына арналмаған. Stratolaunch компаниясын америкалық бизнесмен Пол Аллен 2011 жылы құрған болатын. Аллен Microsoft корпорациясының негізін салғандардың бірі. Бизнесмен әлемдегі ең бай адамдар тізімінде 40-орында тұр.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *