дүйсенбі , 21 тамыз 2017
Бастапқы бет / Ақтөбе жаңалықтары / Ақтөбе облысында аудан әкімдерінің бірі мешітке көлік кілтін табыстады

Ақтөбе облысында аудан әкімдерінің бірі мешітке көлік кілтін табыстады

Темір ауданының әкімі Жүсіпалиев Асқар Қазиханұлы қасиетті Рамазан айында аудандық «Досжан Ишан» мешітіне зор тарту жасады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Темір ауданының мешітінен хабарлағандай, аудан имамы Мадияр Пірімқұловқа Skoda Oktavia A5 маркалы қызметтік көліктің кілті табысталды.

Аудандағы діни ахуалды реттеп, жамағат пен мешіт арасында берік байланыс орнату, теріс ағым өкілдерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізіп келе жатқан Бас имамның жауапты қызметіне өңір басшысы ретінде өз ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да қызметін абыроймен атқаруына тілектес екендігін айтты.

Бас имам Мадияр Тағайбайұлы мешіт мүлкін толықтырып, имамдардың қызметіне жанашырлық білдіріп, жағдай жасаған өңір басшысына өз алғысын жеткізді.

 

 

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *