жұма , 23 маусым 2017
Бастапқы бет / Басты жаңалықтар / Ақтөбеде музыка ырғағымен «билейтін» субұрқақ ашылды (Фото)

Ақтөбеде музыка ырғағымен «билейтін» субұрқақ ашылды (Фото)

Ақтөбеде әуенді музыкалық субұрқақ ашылды. Облыс әкімдігіне қарама-қарсы бетте орналасқан гүлзардағы ескі субұрқақ жаңартылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Орнына жарық пен әуен үйлесіміне негізделген субұрқақ орнатылды. Оның ашылу салтанатына бас прокурор Жақып Асанов пен облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысты. Судың сылдыры, түрлі түсті жарық сәулелер күмбірлеген күйдің үнімен үйлесім тауып жатты. Құдды сахналық қойылым іспеттес. Көздің жауын алатын мұндай сұлу субұрқақты бұған дейін ақтөбеліктер тек Елордадан ғана көріп келген болса, енді күнде тамашалай алады.
Субұрқақтың құрылымы күрделі. Арнайы компьютер арқылы басқарылады. Бірнеше су сорғылары мен қуатты дыбыс ұлғайтқыш және жарық диодты 100-ден астам шам орнатылған. Құбырлардан атқылайтын судың биіктігі 20 метрге дейін жетеді. Әзірге екі түрлі музыка ойнап тұрады. Болашақта күйлердің санын көбейтеміз дейді қала басшылығы.

Жанна ЕРАЛИНА.

Сурет авторы Максим Токарь.

Пікір қалдыру

Сіздің e-mail жарияланбайды. Толтырылуы міндетті *