дүйсенбі , 25 қыркүйек 2017

17.08.2017

Пан Ги Мун «Ақтөбе-Северанс» қайырымдылық қорын құру туралы бастамаға қолдау көрсетпек

Ақтөбе облысының әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың Енсе университетінің «Северанс» госпиталі мен «Северанс KZ» халықаралық медициналық қорының делегациясымен кездесуі өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Делегация өңірге балалар мен ересектерге кәріс мамандарының жоғары кәсіби кеңес беру және жедел медициналық көмегін алуға мүмкіндік беретін «Ақтөбе — Северанс» бірлескен қайырымдылық қорын құру мақсатымен ...

Толығырақ »

Жауапкер ретінде сотқа шақырылған Ақтөбе тұрғыны судьяның алдына мас болып барды

Оқиға Мұғалжар ауданында болды. Аудандық сотта М. есімді азаматқа қатысты әкімшілік іс қаралуға тиіс болатын. Оны маскүнемдіктен айықтыру үшін наркологиялық ұйымға мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы азаматтық ісі қаралды. Сотқа шақырылған Мұғалжар ауданының тұрғыны сот ғимаратына мас күйінде келген. Заң тілімен айтқанда, ол «әдепсіздік көрсеткен». Жауапкер сот ғимаратынан үш күнге қамауға ...

Толығырақ »

Ұлттық банк: Ақтөбеліктер рәсімдеген несие көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есе артты

Облыс тұрғындары алған несиенің мөлшері былтырғыдан екі есе көп. Бұл туралы бүгін Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалында хабарланды. «Бірінші жартыжылдықта банктердің белсенділігі байқалады. Яғни, 2017 жылдың қаңтар-маусым айларында облыс банктері берген несие соммасы 139 млрд. теңгені құрайды. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 99,9 пайызға өскен», — деді Ұлттық Банктің Ақтөбедегі филиалының директоры ...

Толығырақ »

Айгүл Дүйсенова: Өмір бойы таяқ жеп, соңында күйеуіне керек болмай қалған әйелдер бар

Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығының төрайымы Айгүл Дүйсенова отбасыдағы тәрбие мәселесіне алаңдайды. Басшы қара басын күйттеп кеткен ер адамдардың көбейгенін байқаған. Бұл туралы орталық төрайымы Aktobenews.kz тілшісіне айтып берді. «Бізге жас келіншектер көмек сұрап келеді. Күйеулерінде жауапкершілік жоқ. Олардың айтуынша, күйеулері отбасының жағдайын жасаудан бас тартқан. Несиеге машина алып, тапқан ...

Толығырақ »

«Томирис» фильмінде басты рөлді ақтөбелік бойжеткен сомдап қалуы ғажап емес

Бүгін Ақтөбеде «Елбасы жолы» және «Томирис» фильмдеріне кастинг басталды. «Қазақфильм» мен «Sataifilm» киностудиялары Ақтөбеде екі күн бойы іріктеу жұмыстарын өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Таңғы сағат 9-дан бері Т.Ахтанов атындағы драма театрына 50 шақты адам келген. Ақтөбеліктер жаңадан түсірілетін «Елбасы жолы» және «Томирис» фильмдерінде роль сомдауға бақтарын сынап жатыр. «Бүгін ...

Толығырақ »

Мәлімбет Ибрашов, Әйтеке би ауданының әкімі: Жастар «комфорт» өмірге үйренген

«Ақтөбе ақпарат» орталығында журналистер алдында есеп берген Әйтеке би ауданының әкімі Мәлімбет Ибрашов ауыл шаруашылығы саласының дамуында оң өзгерістер бар екенін атап кетті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 6,6 млрд.теңгені құраған. Ауданда барлығы 11 кооператив бар. Аудан 100 пайызға табиғи газбен қамтылған. Ауыл тұрғындарын сапалы ауыз ...

Толығырақ »

Ақтөбеде «Әсем» лагерінде демалып жатқан балалар жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді

Ақтөбеде «Әсем» лагерінде демалып жатқан 6 бала облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Балалар ауруханаға түнде түскен. Олардың қасында учаскелік полиция қызметкері де бар. Бұл жайтты аталған аурухана басшылығы растап берді. «Балалар түнде түсті. Бірақ ешқайсысы уланбаған. Біреуіне жедел респираторлық вирустық инфекция (ОРВИ) деп жазып бердік. Қалғандары ...

Толығырақ »

Жөнді мәдени ошағы болмаған Шәмші елді мекеніне Сапарбаев ауыл клубын салып берді

Қарғалы ауданына сапары кезінде Бердібек Сапарбаев Шәмші Қалдаяқов ауылындағы ауыл клубының салтанатты ашылуына қатысты, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Облыс басшысы алдағы уақытта мұнда мәдени шаралардың көптеп өткізілетініне сенім білдірді. «Осыған дейін ауыл тұрғындары жастар үшін ауыл клубы керек деген болатын. Орта мектепті жөндеу керектігі сөз болды. Жол мәселесі айтылды. Барлығы есімде. ...

Толығырақ »

Ақтөбелік кәсіпкер Байғанин ауданындағы орталық мешітті күрделі жөндеуден өткізіп берді

Байғанин аудандық мешітінде жуырда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ғимараттың ескі шатыры жаңартылып, төбесі қайта ашылып, жабылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Құрылыс жұмыстарына бір кісідей атсалысқан мешіт жамағаты жұдырықтай жұмылып, жұмысты аз уақыттың ішінде аяқтады. «Нұр Ғасыр» мешітінен хабарлағандай, имандылық ордасындағы игі іске демеушілік еткен ақтөбелік кәсіпкер Бекбол Абдуллин барлық керек-жарақтар ...

Толығырақ »

Ақтөбеде «жұмысқа тұрғызып беремін» деп тұрғындардан ақша алған алаяқ қолға түсті

Полицияға шағымданған 33 жастағы азаматшаның айтуы бойынша, оны танысы Атырау қаласына жұмысқа орналастырам деп уәде беріп, 80 мың теңгесін алдап алып кетеді. Осы іске қатысты 31 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. Ал, 51 жастағы әйел «жөндеу бригадасына» алданып қалған. «Үйіңді жөндеп берем» деген шеберлерге ол 110 мың теңге ақшасын ұстатып ...

Толығырақ »