бейсенбі , 24 тамыз 2017

07.08.2017

Ақтөбе облысында биыл 31 мыңнан астам адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр

Ақтөбе облысында халықты жұмыспен қамту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудің кешенді жоспарын орындау мәселелері талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиевтің төрағалығымен өткен жиналысқа Ақтөбе қаласы мен аудан әкімдері және басқарма басшылары қатысты, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен. Еске салайық, өңірдегі жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыс орындарын ...

Толығырақ »

Қарбыз сатып тұрған жерінен джиппен әкетілген ақтөбелікті туыстары таба алмай жатыр

Ақтөбеде көтерме базар маңында қарбыз сатып тұрған 32 жастағы жігітті белгісіз біреулер көлікпен әкеткелі бері одан еш хабар жоқ, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Редакциямызға жоғалып кеткен жігіттің туыстары хабарласып, мән-жайды айтып берді. Нағашы апасы Ерхан Тілеумбетовтің 3 тамыз күні базарда сауда жасап тұрғанын айтады. «Қасына ақ джип лендкрузер 200 көлігі ...

Толығырақ »

Ақтөбеде күкіртті сутек иісінен аллергия дерті ушықты

Ақтөбе қаласының тұрғындары күкіртті сутектен аллергияға шалдығып жатыр. Адамдар оқыстан жөтеліп, тынысы тарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе қаласындағы жағымсыз иіске тұншыққан тұрғындар биліктен шешімін сұрап, жиналыс өткізген болатын. Бұған дейін хабарлағанымыздай, зиянды қалдықтарды атмосфераға тастайтын 20-дан астам кәсіпорын анықталып, кейбірінің жұмысын тоқтату туралы ұсыныс жасалды. Қазіргі кезде дәрігерлер аллергияға шалдыққандардың ...

Толығырақ »

Ауғанстанда ИМ 50-дей бейбіт адамды өлтірген

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы мен «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пул уәлаятында 50-ге жуық адамды өлтірді» деп хабарлады уәлаят губернаторы Мұхаммад Захир. Бұл туралы Азаттық мәлімдейді. Оның айтуынша, шабуыл 3 тамыз күні кешке басталған. Содырлар Мирзо Оланг ауданына жақын маңда қауіпсіздік күштерінің бекетіне шабуылдаған. Ұрыс шамамен екі тәулікке созылды. ...

Толығырақ »

Ақтөбенің кейбір шенділері өнер ордаларының қайда орналасқанынан бейхабар болып шықты

Ғазиза Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы тамыз, қыркүйек айларында аймақтық, республикалық байқаулар өткізеді. Алайда, халықтың рухын көтеріп, ұлттық сананы өсіретін мәдениет ошағының директоры Елубай Кенжалиев филармонияның қайда орналасқанын білмеймін шенеуніктердің бар екенін жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Бұл — халық келіп, рухани азық алатын жер. Кейбір шенеуніктер филармонияның қай жерде ...

Толығырақ »

Жазғы лагерьде тынығып жатқан Алға балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «нұротандықтар» көтеріңкі көңіл күй сыйлады

  «Нұр Отан» партиясының Ақтөбе облыстық филиалы «Бақытты отбасы — бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында «Ақбөбек» Алға облыстық балалар үйі лагерінің демалушыларына мәдени іс-шара ұйымдастырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Олар балаларға түрлі танымдық ойындар өткізіп, балмұздақ пен түрлі тәттілер таратты. — Біз лагерьде саяхатқа шығамыз, суға шомыламыз, спорттық, мәдени ...

Толығырақ »

Ақтөбелік наиб имам Меккеде қазақстандықтарды өзге ағым өкілдерінен қалай қорғағанын айтып берді

«Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының айтуынша, қажылық уақытында өзге ағымдар тарапынан уағыз-насихат айту күшейеді. Сондықтан ол қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. «Мен 2012 жылы гид болып қажылыққа бардым. Олар (өзге ағымдағы адамдар — авт.) мені үгіттемеді. Керісінше, мен оларды ұстай алмай жүрген кездерім есімде. Менен ...

Толығырақ »

Жамбыл облысында мәслихат депутаты өз үйінде асылып қалған

Жамбыл облыстық мәслихатының депутаты Қайрат Терлікбаев өз-өзіне қол жұмсады. Ер адам соңғы хат қалдырмаған, оқиға орнында дене жарақаттары іздері табылмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық прокурорының міндетін атқарушы Айдос Майлыбаевқа сілтеме жасап. Депутаттың денесі 5 тамызда өз үйінен табылған. 61 жастағы Терлікбаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «Луговское рельсосварочное предприятие» ...

Толығырақ »

Ақтөбедегі «Нұр Ғасыр» мешіті әлеуметтік желілердегі постқұмарларға кеңес береді

«Нұр Ғасыр» мешітінен постқұмарларға 7 кеңес Бүгінде бүкіл әлем бір үлкен ауылдай. Таңертең теңіздің арғы жағында болған жайт сәскеге дейін ғаламтор арқылы түгел әлемге тарап бітеді. Бастапқыда тез ақпарат алу құралы болған әлеуметтік желі бүгінде ойын-сауық пен уақыт өткізудің ең көп қолданылатын түрінің бірегейі екенінде дау жоқ. Қала берді жұмысы ...

Толығырақ »

Ақтөбе облысындағы аудан әкімдерінің бірі әлеуметтік желідегі фейктерге қарсы екенін жасырмады

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі Нұржауған Қалауов әлеуметтік желілердегі фейктерге қарсы екенін жасырмады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. Бүгінде ол билік пен халық арасында байланыс орнату үшін ғаламтор арқылы байланысқа шығатынын айтады. «Менің қарамағымда екі қызметкер әлеуметтік желілермен жұмыс істейді. Екеуі де бөлім қызметкерлері. Әлеуметтік желілер оларға қосымша жүктеме ретінде тапсырылды. ...

Толығырақ »