Біз олармен мақтанамыз

Нұрлыбек Жұбатқан: Сатира салт-дәстүрді дәріптейді

Күлкі де – тәрбие құралы. Қуантатыны, қазіргі театр сахнасында жүрген жастарымыз өнерлері арқылы төл құндылықтарымызды насихаттап, жат ағымдардың теріс пиғылдарын оңдырмай сын садағының нысанасына айналдаруда. Олар көрерменге қуаныш сыйлай отырып, дәстүрлі дініміздің маңыз-мәнін айшықтап жүр. Солардың бірі – актер, Мәдениет қайраткері, Ақтөбе қаласындағы Т.Ахтанов атындағы драма театрының, «Екі езу» сатира театрының директоры Нұрлыбек Жұбатқан өз ойымен бөлісті. – Нұрлыбек Хайруллаұлы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында рухани