Бастапқы бет / Әлем (page 9)

Әлем

Өзбекстан халқының саны 32 миллион адамнан асты

Өзбекстан халқының саны 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша 32 миллион 345 мың адамға жетті. Gazeta.uz басылымының Өзбекстан мемлекеттік статистика комитетінің ақпараттық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, халық саны 2016 жылдың соңынан бері 224 мың адамға (0,7 пайыз) артқан. Қала халқы 16 миллион 353 мың (50,6 пайыз), ауыл халқы 15,9 миллион (49,4 ...

Толығырақ »

Ауғанстанда ИМ 50-дей бейбіт адамды өлтірген

«Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік ұйымы мен «Талибан» қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пул уәлаятында 50-ге жуық адамды өлтірді» деп хабарлады уәлаят губернаторы Мұхаммад Захир. Бұл туралы Азаттық мәлімдейді. Оның айтуынша, шабуыл 3 тамыз күні кешке басталған. Содырлар Мирзо Оланг ауданына жақын маңда қауіпсіздік күштерінің бекетіне шабуылдаған. Ұрыс шамамен екі тәулікке созылды. ...

Толығырақ »

Ресейде екі жылда 17 мың тонна шетел азық-түлігі жойылған

Ресейде 2015 жылдың 6 тамызынан бері Ресейдің азық-түлік эмбаргосы енгізілген елдерден жеткізілген 17 мың тоннаға жуық өнім жойылды деп хабарлады Ресейдің Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық қызметі (Россельхознадзор). Жойылған азық-түліктердің көпшілігі — 16,4 мың тоннасы көкөніс пен жеміс-жидектер және солардан жасалған өнімдер, қалған 500 тоннасы — мал өнімдері. Екі жылда барлығы ...

Толығырақ »

Ресейде апат болған шахтада қалған сегіз адамды іздестіріп жатыр

Ресейдің Саха республикасындағы «Мир» кенішіндегі апат салдарынан жер астында қалып қойған адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Тау-кен үңгушілер мен құзға өрмелеушілер шахта мен ұңғыма желдеткіштерін зерттеп, хабарсыз кеткендер туралы қандай да бір ақпаратты анықтауға тырысып жатыр деп хабарлайды Азаттық ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Компания иелігіндегі шахтада болған апаттан кейін хабар-ошарсыз ...

Толығырақ »

Қазақстандық 245 турист Египеттен елге қайта алмай отыр

Египеттің Қызыл теңіз жағалауында демалуға барған қазақстандық 245 турист Шарм-әл-Шейх курортты қаласынан елге қайта алмай отыр деп хабарлайды Қазақпарат. Тамыздың 5-і күні олар Алматыға ұшып шығуы тиіс болған Sanday Аirlines әуе компаниясы жолаушыларға әуе рейсінің алдағы сейсенбіге дейін бөгелетіні туралы хабарлама таратқан. Әуелде ұшақ 12 сағатқа кешігіп ұшатыны жайлы хабарланған. ...

Толығырақ »

АҚШ азаматтарының Солтүстік Кореяға баруына тыйым салынды

АҚШ өз азаматтарына Солтүстік Коеряға баруға тыйым салды. АҚШ мемлекеттік департаментінің мәлімдеуінше, тыйым 1 қыркүйектен бастап күшіне енеді. Солтүстік Корея территориясында жүрген барлық америкалықтар осы күнге дейін бұл елден кетуі тиіс, деп жазады «Азаттық». АҚШ билігі мұндай шешім Солтүстік Кореяға барған америкалық туристерге «ұзақ мерзімдік қамауға алыну» қаупі туындағандықтан қабылданды ...

Толығырақ »

Мирзияев Ұлттық телерадио компаниясының басшысын қызметінен босатты

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан Ұлттық телерадио компаниясының (ҰТРК) төрағасы Хуршид Мирзохидовті қызметінен босатты. Мирзияев 2 тамызда өткен видео селекторлық жиында Мирзохидовті сынап, оны орнынан алу туралы шешімін жариялады, деп жазады «Азаттық». Мирзохидов ҰТРК басшысы болып ақпан айында тағайындалған. Оған дейін компанияны 12 жыл бойы Алишер Хаджаев басқарған. 30 наурызда ...

Толығырақ »

Саакашвили Порошенконы сынап, Украинаға қайта оралатынын мәлімдеді

Грузияның бұрынғы прездиенті, Одесса облысының бұрынғы губернаторы, таяуда ғана Украина азаматтығынан айырылған Михаил Саакашвили Украинаға қайта оралу ниеті барын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттық хабарлайды. 1 тамызда Киевте оппозициялық «Жаңа күштердің қозғалысы» партиясы ұйымдастырған баспасөз конференциясында АҚШ-тан бейне байланыс арқылы сөйлеген Саакашвили шілдеде Украина президенті Петр Порошенконың өзін азаматтықтан айырғанын «заңсыз ...

Толығырақ »

Қытай халқы ешқашан басқыншы болмайды — Си Цзиньпин

Қытай халқы бейбітшілікті бағалайды және ешқашан агрессор болмайды. Алайда ешкімге де өз жеріне қол сұғуға жол бермейді. Бұл туралы ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, — деп хабарлайды РИА Новости. «Қытай халқы бейбітшілікті сүйеді, біз ешқашан да агрессор болмаймыз және өзге елдер есебінен жерімізді де кеңейтпейміз. Бірақ біз ешбір адамға, ұйым ...

Толығырақ »

Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 59 адам өтініш берді

Қырғызстанда 31 шілдеде президент сайлауына түсуге өтініш беру аяқталып, президент сайлауына қатысқысы келетіндер саны 59-ға жетті. Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хабарлауынша, 31 шілдедегі мәлімет бойынша саяси партиялар атынан президенттікке 11 адам ұсынылған, өзін өзі ұсынғандар саны — 48 адам. Өзін-өзі ұсынғандардың ішінде «Ата Мекен» партиясының жетекшісі, коррупциялық айып тағылып, ...

Толығырақ »