Ақтөбелік жастар жаппай президенттік сынақ тапсырады

 

Жастарды спортқа тарту мақсатында 14-29 жас аралығындағы ақтөбеліктер дене шынықтырудан президенттік сынақ тапсырады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Елбасы өз Жолдауында облыстың аудандарында бұқаралық спортты дамыту, халық ең тығыз орналасқан шекаралық аймақтың әлеуметтік мәселелеріне бағытталған жобаларды жүзеге асыруды тапсырды. Осыған байланысты 2019 жылға арналған спорттық бағдарламалар жоспарланды. Биыл аудан жастарын спортқа тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тесттілерін өткізу көзделді. Сынақ 14-29 жас аралығындағы жастарды қамтиды», — деді облыстық спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Оның сөзінше, аудан жастарына ерекше көңіл аударылады. Себебі, қаланың жастары халықаралық жарыстарға тұрақты қатысып жүрсе, аудан жастарының белсенділігі төмен.

Пікір қалдырыңыз