2018

Өз әйелім деп бейтаныс адамға пышақ кезенген ақтөбелікке үкім шықты

Ақтөбе қалалық сотында айыпталушы Д.Жансүгүровке қатысты сот үкімі шықты. Ол жанынан өтіп бара жатқан адамға өз әйелім деп пышақ ала жүгірді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі. 36 жастағы қала тұрғыны Д.Жансүгүров Қылмыстық кодекстің «Бұзақылық» бабы бойынша айыпталды. Іс материалына сүйенсек, айыпталушы Д.Жансүгүров «УВД-4» бау-бақша ұжымы аумағында тұрған кезде жанынан бейтаныс әйел өтеді. Сол кезде жұмыстан үйіне келе жатқан жәбірленуші С.Қарамергенованы ұстап, қолындағы пышақты кезенеді. Шалт қимылдаған жәбірленуші пышақтың жүзін ұстап алған.

52 адам қаза болған автобус жүргізушілеріне қатысты тергеу маусымның ортасына дейін жалғасады

Ақтөбеде автобус жүргізушілеріне қатысты тергеу жалғасып, сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын тағы бір айға созды. Тергеу 12 маусымға дейін жалғасады. «Самара-Шымкент» тасжолында автобус өртеніп, 52 Өзбекстан азаматы қаза болған еді. Кейін арнайы тергеу тобы құрылып, үш жүргізуші бірден қамауға алынды. Бәрі Оңтүстік Қазақстан облысының азаматтары. Ал тергеу тобы автобус иесіне іздеу жариялап, үшінші рет тергеу мергізін ұзартып отыр.

Айгүл Иманбаева Шалқар ауданының жолдары жайлы: Басымыз айналып, ой-шұңқырмен ішек-қарнымыз түсіп қала жаздады

Әнші Айгүл Иманбаева жиі гастролдік сапарға шығады. Дегенмен, діттеген жеріне үнемі жайлы баратынына сену қиын. Ауыл-аймақтағы қиқы-шойқы жолдар әншінің әбден ығырын шығарыпты. Соның кесірінен концерттен де, талай ұшақтан да қалып қойған, деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған Stan.kz. “Енді келмеймін мына жолға деген Шалқарымызға 10 рет, 1000 рет келдік. Бірақ халықтың ықыласын қошеметін көргенде еркелеткенде бәрін ұмытып кетесің. Ол анық. Бірақ сондай кездестірдім”, – дейді Айгүл Иманбаева. Айгүл Ақтөбе қаласына

Ақтөбедегі мемлекеттік қызмет істері департаментінің жаңа басшысы тұрғындардың арыз-шағымына құлақ түрмек

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Расул Медетов қабылдау өткізеді. Бейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының облыстық ғимаратындасыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік қызметті өткеру сұрақтары сұрақтары бойынша азаматтарды жеке қабылдау жүргізіледі. Сағат 10.00 – 12.00 аралығында ақтөбеліктер мемлекеттік қызметші мен мемлекеттік қызмет туралы сұрақтарын қойып, шағым да түсіре алады.

Қазақстанда арзандатылған бағамен туристік ұшақтар қатынай бастайды

Қазақстанда туристік маусымда бағасы субсидияланған бірнеше ішкі әуе рейсі жұмысын бастайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап. Белгілі болғандай, ішкі туризмді дамыту үшін Қазақстанда биыл да бірқатар ішкі бағдарлар бойынша әуе рейстері жұмысын бастайды. Нақтырақ айтқанда, жазғы уақытта Астана мен Алматы қаласынан Балқашқа, Үшаралға, Үржарға тұрақты ұшақтар ұшып тұратын болды. Атап айтқанда, «Южное небо» əуе компаниясы Астана — Балқаш бағдарында ұшақ ұшырмақ. 29 мамырдан басталатын рейс бойынша

Өртте қаза тапқан өзбек азаматтарын еске алып ағаш екті

Мамырдың 21-і Қазақстандағы Өзбекстан елшілігі мен “Алтын орда” бизнес-клубының өкілдері Ақтөбе облысында автобус өртінде қаза тапқан азаматтарды еске алып, 52 ағаш отырғызды. Бұл туралы жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады. “Қайғылы оқиға болған күні Қазақстан үкіметі және тұтас халық бізге көмектесті. Қазақстанның құзырлы органдары елде қажетті шаралардың барлығын жасады. Бүгінгі шара – екі ел арасындағы абыройлы достықтың көрінісі. Бұл туралы қайтыс болған азаматтардың отбасыларына айтуға міндеттеміз” — деді Қазақстандағы Өзбекстан елшісі Саидкрам

Ақтөбеде «Кемел кәсіпкер» чемпионаты өтті

«Атамекен» ҰКП, «Алматы Менеджмент Университеті» кәсіпкерлік пен инновацияларды дамыту орталығы, Қазақстандағы «Тель-Авив университетінің достары қауымдастығы» ЗТҚ бірігіп, Eurasian Resources Group (ERG) комапаниялар тобының қолдауымен «Кемел-кәсіпкер» чемпионаты қаламызда биыл екінші мәрте өткізілді. Оған «Студенттік кәсіпкерлік экожүйесі» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздері пәні оқытылатын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті мен Ақтөбе политехникалық колледжінің студенттері қатысты. «Кемел кәсіпкер» чемпионаты Студенттерді кәсіпкерлік ойлауға, бизнесті жүргізу барысында кездесетін кедергілерді шешуге үйретуге бағытталған. Сайыс әртүрлі іскерлік