Ертең Ақтөбеде халықаралық «Aktobe Invest -2018» форумы өтеді

Алтыншы рет өткізілгелі отырған ауқымды шараға әлемнің 23 елінен 400-ден астам қатысушы келеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Сенім. Өсу. Даму» тақырыбы бойынша өтетін форумға өңірдің түрлі саласына қызығушылық танытқан Қытай, Корея, Әзірбайжан, Белоруссия, Ресей мен Өзбекстан елдерінің инвесторлары қатысады.

«Негізгі мақсат бүгінгі күнге дейігі салынған инвестицияларды дамыту, бүгінгі күнге дейін жасалған жұмыстарды жетілдіру. Белді команиялардың қатысуымен ашық есік күні өтеді. «Қазпошта» халыққа қызмет ету туралы жоспарларын, «Қазақтелеком» цифрлы Қазақстанға байланысты бағыттарын, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту бойынша кеңінен түсіндіреді. Жалпы форумның өтуіне қазынадан 10 миллион теңге бөлінді», — дейді Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Дархан Ермағанбетов.

Бес жылда салынған инвестициялар, тұрғызылған зауыттар туралы қорытынды фильмнің көрсетілімі де болады.

Естеріңізге сала кетейік, осы кезеңге дейін 50-ден астам келісімшартқа қол қойылып,соның 30-ы іске асқан.

Пікір қалдырыңыз