«Бақытты бала»: Ақтөбеде бірегей жобағы 4 миллиард теңге жұмсалды

Ақтөбеде «Бақытты бала» жобасы іске асырылды. Бірегей жобаны іске асыруға 4 миллиард теңге жұмсалды.

Ақтөбеде әлеуметтік салаға басымдық беріледі. «Бақытты бала» жобасын жүзеге асыруға 4 млрд теңге жұмсалды. Өңірде жыл бойы жұмыс істейтін «Күншуақ» сауықтыру инклюзивті лагері ашылды. Бюджет қаржысы жұмсалмай, аутизм дертіне шалдыққан балаларға арналған орталық, коррекциялық балабақша, туа бітті сал ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы, «Әсем» оқу-танымдық орталығы ашылды. 36 мектепке дейінгі мекеме, 177 спорттық-ойын алаңы мен хоккей корттары, аквопарк, Мұз сарайы, Теннис орталығы пайдалануға берілді.

Қазір жеңіл атлетикалық манеждің құрылысы жалғасып жатыр. Биыл 120 мың оқушы жазғы демалыспен қамтылды. Ал 11 мыңнан астама дарынды бала Ресей, Татарстан, Қытай, АҚШ және Малайзия елдерінің үздік жазғы сауықтыру және білім беру лагерьлерінде тынығып, тәжірибе жинады.

Пікір қалдырыңыз