Ақтөбеде «Жас жерлестер» атты жастар форумы өтеді

Жастар жылы қарсаңында ұйымдастырылып жатқан екі күндік шараға 300-ден аса делегат қатысады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Форумның алғашқы күнінде «Keruen City» ойын-сауық орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі, «100 жаңа есім» ұлттық жобасына енген ақтөбеліктермен және «Астана», «Алматы» аудандарының жұмыссыз жастарымен кездесу, Жұбанов атындағы АӨМУ-де конференция сынды бірқатар іс-шара өтеді.

Екінші күні Шығармашылық Академиясында «Жас жерлестер» форумы өтеді. Шараға Ақтөбе қаласының әкімі, мемлекеттік органдардың басшылары, мемлекеттік емес ұйымдарының өкілдері, жас кәсіпкерлер, танымал спортшылар, жоғары және орта білім беру ұйымдарының студенттер мен оқушылар қатысады.

Сегіз секция бойынша «Жастар және мемлекет», «Жастарды еңбекке тарту», «Спорт», «Радикалды діни идеологияға қарсы тұру», «Кәсіпкерлік пен туризмді дамытудағы жастардың ролі», «Медиасауаттылық», «IT компания: дамудың алғашқы жылдары», «Жас ұрпақтың рухани адамгершілік тәрбиесі, елдің қолайлы дамуының негізі» тақырыпытары аясында тренингтер өтті.

«Жас жерлестер» атты форумының жоғары деңгейде өткізуіне атсалысқан жастар шаһар басшысының алғыс хаттармен марапатталды.

Өтетін күні: 15-16 қараша.

Пікір қалдырыңыз