Ақтөбеде жастар арасындағы қылмыстың көбеюіне алаңдаған заң өкілдері студенттермен кездесті

Облыс әкімі қатаң сынға алған жастар арасындағы қылмыстың артуы қазіргі таңдағы басты мәселе. «Қос шынар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байдербестің ұйымдастыруымен «Құқық пен міндет» тақырыбында студенттермен кездесу өтті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Оған шақырылған заң өкілдері қылмыс жасаудың ауыр зардап екенін ескертті. Студенттердің көкейінде жүрген сұрақтарына жауап беріліп, жастар арасындағы жиі бұзылатын қылмыстардың себебін түсіндірілді.

«Жастарға мемлекет үлкен үміт артады. Облыс әкімі зиялы қауым өкілдерімен кездесті, жастармен жүздесті. Сол сәттерде қылмыстың көбейгенін баса айтып отырады. Өткен жылдары, биыл  үздік оқыған оқушылардың өзі бір-біріне қастандық жасап жатты. Түнгі ойын-сауық орындарында мектеп жасындағы оқушылар кездескен. Бұның барлығы қазақ халқына жат нәрсе. Құқық пен тәртіп егіз дүние. Сондықтан да жастар арсында осы мәселелерді толық түсіндіруіміз керек» — деді Ғалымжан Байдербес.

 

Пікір қалдырыңыз