Ақтөбе облысы тұрғындарының шамамен 45%-ы жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосылған

Өңірде «Цифрлы Қазақстан» жол картасының қалай дамып жатқандығы жөнінде облыс әкімі Бердібек Сапарбаевқа есеп берілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

2020 жылға қарай Ақтөбе облысы тұрғындарының 75%-ы жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылады. Бұл туралы «Қазақтелеком» АҚ батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясының бас директоры Абай Қадыралиев мәлімдеді.

«Цифрлы Қазақстан» жол картасы аясында 250 адамнан көп тұратын ауылдық елдімекендер жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етіледі.

Сондай-ақ, аталған жоба шеңберінде денсаулық сақтау және білім беру жүйесі сандық форматқа көшеді. Smart City жобасы бойынша кешенді шаралар қолға алынған. Абай Қадыралиевтің айтуынша, қазір облыс халқының тек 45%-ы ғана жоғары жылдамдықты интернетті пайдаланып отыр. 2020 жылға қарай ол көрсеткіш 75%-ды құрайтын болады.

Айта кетейік, былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда халықтың интернетпен қамтамасыз етілуі бірден 10%-ға ұлғайтылды.

Пікір қалдырыңыз