Ирандықтар Ақтөбе облысынан жылына 1200 тонна қой етін экспортқа шығармақ

Кеше ғана Иранның ветеринарлары келіп, құжаттарын рәсімдеуге кіріскен, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Енді Ақтөбе жылына 1200 тонна қой етін Иран Ислам Республикасына экспорттайды. Бұл туралы «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басшысы Әнуар Маханов мәлімдеді.

«Түркия, Ресей, Ираннан келген инвесторлар бір жерден қызмет алуға болатынына ризашылық білдірді. Олар қаладағы әкімдікке не басқа мемлекеттік органға бармай-ақ, инвесторларға қызмет көрсету орталығынан қажетті көмекті алды. Мәселен, Әйтеке би ауданында мәрмәр мен темірбетон шығару бойынша бірлескен жобаны жүзеге асырып жүрген ирандықтар ауыл шаруашылығымен де айналысқылары келеді. Бір жылда 1200 тонна қой етін экспортқа шығару жөнінде бізбен келісімшартқа отырды. Кеше ғана Иранның мал дәрігерлері келіп, құжаттардың рәсімдеуге кірісті», — деді Әнуар Маханов.

Айта кетейік, былтыр жалпы Қазақстаннан Иранға 3 мың тонна ет экспортталған.

Пікір қалдырыңыз