Ақтөбедегі мүгедектер қоғамына микроавтобус берілді

Шара аясында «Инватакси» қызметін дамыту үшін «Халық» қайырымдылық қорынан мүгедектер қоғамының төрайымы Кұралай Байменоваға микроавтобустың кілті тапсырылды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Парасатты өмір» аймақтық форумына облыс әкімі арнайы қатысып, өңірдегі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың белсенділігі өте жоғары екенін атап өтті. Мүгедектер құқықтарын қорғау қозғалысына қосқан қомақты үлесі үшін бес үкіметтік емес ұйым басшыларына облыс басшысының атынан «Алғыс хат» және естелік сыйлық табысталды. Сонымен қатар, жоғары нәтижелерге қол жеткізген мүмкіндігі шектеулі 10 азамат марапатталды.

Бұл форумда мүгедектерді әлеуметтік қорғау мен оларды тең мүмкіндіктермен қамтамасыз ету сұрақтары талқыланды. Мүгедектігі бар азаматтарды қоғамдық жұмыстарға тарту үшін оларды оңалту және бейімдеу қажет. Әрі оларды мәдени, спорттық және шараға қатысуын қамтамасыз ету, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеру туралы сөз қозғалды.

Пікір қалдырыңыз