Автобус өрті: Айыпталушыға медициналық көмек көрсетілді

Көрнекі фото: SN.kz

Ақтөбедегі автобус өртіне қатысты қылмыстық істі зерттеу басталды. Бүгін айыпталушылардың біріне медициналық көмек көрсетілді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында айыпталушылар Барат Таңатов, Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебековке және механик пен құрылтайшы Нұрлыбек Тілепбаев, Баһадүр Пердебаевқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр.

Судья іс материалдарын зерттеп, жәбірленушілер мен айыпталушылардың, куәгерлердің сот алды тергеуіндегі жауабын оқыды. Бүгін түскен кейінгі сот отырысы кезінде қамауда отырған Нұржан Қырғызбаевқа жедел жәрдем шақыруға тура келді. Медицина қызметкерлері сотталушыға дәрі беріп, сот отырысы 11 қазан сағат 14:15-ке шегерілді.

Пікір қалдырыңыз