Атырау облысында латын әліпбиіне байланысты семинар-тренингтер өтіп жатыр

Фото: mgorod.kz

Атырау облысында қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру бойынша, көшпелі семинар-тренингтер өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараны тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырып жатыр. Спикерлердің қатарында Оразкүл Асанғазы мен филология ғылымының докторы, латын әліпбиіне көшу жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, танымал фонетик Әлімхан Жүнісбек бар.

Басқарма мамандарының айтуынша, семинар-тренингтер Қызылқоға, Жылыой, Махамбет, Индер, Исатай аудандарында өткен. 15-16 қазан аралығында Құрманғазы ауданында өтеді. Шараның мақсаты — ел тұрғындарын латын әліпбиіне көшуге дайындау.

Облыс орталығының тұрғындарына арналған семинар-тренингтер 11-12 қазан аралығында ұйымдастырылады. Жалпы алғанда облыс бойынша, 4 мыңға жуық адамды оқыту жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз