Ақтөбеде оқушысын инспекторға ұрғызып, елді шулатқан мектеп директоры сөгіс алды

Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшылары шу шыққан №2 мектепке қатысты тексеру қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Ақтөбе қалалық №2 орта мектебінде ата-аналар шағымына қатысты тексеру жұмыстары жүргізілді. Директордың өзі шу шыққан күні кезекшілікте болған орынбасарын жұмыстан босатқан. Ал мектеп директоры Сания Данишеваның 20 жылдық тәжірибесі ескерілді. Оған қатаң сөгіс берілді», — деді қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Дина Халетова.

Естеріңізге салсақ, №2 орта мектепте спорттық киіммен сабаққа келген оқушы инспектордан таяқ жеген болатын. Жаңа оқу жылында жұмысқа қабылданған жас инспектор да оқушыны күшпен тәртіпке салғаны үшін қызметінен кетті.

Пікір қалдырыңыз