Ақтөбелік ардагер спортшылар Македониядан жүлделі оралды

Еркін күрес шеберлері Македонияда өткен әлем чемпионатына қатысты.

«Македония елінің астанасы Скопье қаласында еркін күрестен шебер-ардагерлер арасында әлем чемпионаты өтті. Қазақстан құрама командасының екі ақтөбелік бар. Әнуар Уксумбаев 51-55 жас аралығындағы 130 кг салмақ дәрежесі бойынша күміс медаль, ал 41-45 жас аралығындағы 88 келі салмақ дәрежесінде Эльбрус Жұмабаев қола медальді жеңіп алды»,- деп хабарлады облыстық спорттың баспасөз қызметі. Жүлдегерлерді спортшылар мен туыстары әуежайда күтіп алды.

Пікір қалдырыңыз