Рухани жаңғыру: Билік партиясының хатшысы Дүйсенова ақтөбелік шенеуніктерді кітап оқуға шақырады

Ақтөбеде «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова мемлекеттік қызметшілермен кездесті, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің арасында «Оқы, жетіл және бөліс» атты челлендждің тұсауы кесілді. Челлендж барысында Тамара Дүйсенова және Ақтөбедегі мемлекеттік қызмет істер агенттігінің басшысы Расул Медетов әрбір мемлекеттік қызметші оқуы тиіс кітаптарды табыстады.

Акция аясында мемлекеттік қызметші кітапты оқып болғаннан кейін оны келесі мемлекеттік қызметшіге береді. Жыл соңында аталған кітаптар мазмұны бойынша ой бөлісу өткізіліп, үздік мемлекеттік қызметшілер алғыс хаттармен және электрондық кітаптармен марапатталады.

Пікір қалдырыңыз