Ақтөбе облысының 20 тұрғыны ҚМДБ арқылы қажылық сапарға аттанды

ҚМДБ жанынан құрылған турфирма арқылы Ақтөбе облысынан 20 адам қажылық сапарға аттанды, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

«Жергілікті қажылар Алматы, Астана, Ақтау қалалары арқылы Жиддаға сапар шекті. Одан әрі Мекке мен Мәдина қалаларына барады. 20 ақтөбелік ҚМДБ-ның «Тауаф» компаниясы арқылы аттанғандар. Басқа қажылық компанияларымен де жолға шыққандар бар», — деп хабарлады «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметінен.

Биыл Сауд Арабиясына Қазақстанның төрт қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды. Ал азаматтардың қажылық сапарын 18 компания ұйымдастырып отыр.

Тамыз айының аяғында қажылар елге оралады.

Пікір қалдырыңыз