Самат Смақов қоштасу ойынында билеттен түскен қаржыны қайырымдылыққа жұмсайтын болды

Ақтөбедегі Қобыланды батыр атындағы Орталық стадионда Самат Смақовтың ойын мансабының аяқтауына орай Халықаралық жолдастық ойын өткізеді, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Матчқа Қазақстан мен шетелдің белгілі ойыншылары қатысады. Олардың қатарында Эмиль Кенжисариев, Андрей Сидельников, Андрей Богомолов, Марат Хайруллин, Жасур Нарзикулов, т.б. бар.

Танымал саясаткерлер, Қазақстан футбол клубтарының басшылары, бапкерлер, футбол мамандары, «Астана KZ» және «Спарта» КВН ойыншылары қонақ болып келеді.

Тағы бір айта кететін жайт, билеттен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалады.

Пікір қалдырыңыз